Берёзовка — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы, Берёзов ауылдық округі орталығы болған ауыл, 2020 жылы таратылған.Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігін қысқарту және оны есепті деректен шығару туралы 2014 жылдан басталған белгісіз ауруға байланысты ауыл тұрғындары іргелес ауылдарға 2017 жылы көшірілді.

Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсай қаласынан шығысқа қарай 30 км жерде қуаң агроклиматтық белдемде орналасқан. Топырағында изен, қара жусан, сораң, бетеге, қау өседі.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1396 адам (736 ер адам және 660 әйел адам) болса, 2009 жылы 1434 адамды (692 ер адам және 742 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1909 жылы қаланған. 1957-1997 жылдары аралығында «Ақбұлақ» астық өндіретін кеңшарының орталығы болды. Кеңшар негізінде 1997 жылдан Березовкада және ауылдық округке қарасты Алға ауылы мен Сұлусай темір жол станциясында 6 ЖШС жұмыс істейді. Тұрғындары Орал және Ақсай қалаларымен автомобиль және темір жолдары арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Бөрлі ауданының таратылған елді мекендері