Абдрахман Асылбек – 1 мамыр 1938 жыл Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылы) – ақын.
Өмірбаяны ҚазПИ-дің тарих-филология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған. Аспирантурада оқыған, облыстық газетте республикалық Қазақ радиосында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет жасаған. «Жазушы» баспасы «Жалын» баспасы Қазақстан жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінде республикалық «Әділет» газетінде «Мәдениет» газетінде «Заң» газетінде «Көзқарас» газетінде қызмет істеген. «Заңгер» журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының «Құқықтық Қазақстан» газетінің Бас редакторы болған, қазіргі кезде осы газетте бас редактордың орынбасары.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9
1955 жылы «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты тырнақалды шығармалары басылған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта 31 жыр кітабын шығарды. Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысып келеді. Көптеген байқаулардың жеңімпазы, жүлдегер.
Шығармалары Жапырақтар. Өлеңдер А., ҚМКӘБ, 1961 Қиял қиясында. Аңыздар.А., ҚМ КӨБ, 1963 Алтын дән. Ертегі А., «Жазушы», 1967 Ал атау аясында. Ертегі-поэма. А., «Жазушы», 1969 Ғажап бала. Аңыздар, ертегілер. А., «Жазушы», 1969 Балам туралы баллада. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971 Әлемге үні тараған. Балладалар. А., «Жазушы», 1971 Көкорай көктем. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973 Түрлі-түрлі бала бар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974 Туысынды таптық ба? Сатиралық өлеңдер. А., «Жалын», 1976 Светофор сыры. Өлеңдер. А., «Мектеп», 1977 Алтын арай. Өлеңдер, ертегілер. А., «Жалын», 1980 Ерден атайдың ертегілері. Ертегілер. А., «Мектеп», 1980 Достық балладасы. Балладалар. А., «Жазушы», 1981 Байқа, балақай. Өлеңдер. Әңгімелер. А., «Мектеп», 1982 Бәйшешектер. Ертегілер. А., «Мектеп», 1984 Хантау қойнауында. Деректі повесть. А., «Қайнар», 1982 Ақ тілек. Өлеңдер, жүмбақтар, ертегілер. А., «Жалын», 1985 За тучами - солнце. Сказки. А., «Жалын», 1986 Сауысқанның сәлемі. Сықақтар, мысалдар. А., «Жазушы», 1986 Сый қырлы сыбызғы. Ертегілер. А., 1988 Ақ моншақты аруым. Әндер. А., «Өнер», 1995 Шапағат шуағы. Өмірдерек. А., «Қайнар», 1997 Балбүлақ. Өлеңдер, ертегілер. А., «Рауан», 2000 Айдай сұлу аруым. Әндер. А., «Әуен», 2001 Әнші бала. Әндер. А., «Әуен», 2002 Сүйеді әкем. Әндер. А., «Әуен», 2003 Биназар батыр. А., «Марш» 2004 Байғозы батыр. А., «Мерей», 2005 Құранға құрмет. А., «Асыл», 2007 И.А.Крылов. Мысалдар. «Аударма», 2008.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ақындары