Әбдірайым Толымбек (12 қыркүйек 1955 жыл Семей облысы Аякөз қаласы) - жазушы.
Өмірбаяны 1972 жылы №2 қазақ орта мектебін (қазір Дулат Бабатайұлы атындағы) бітірген Аягөз автомобиль жөндеу зауытында Б. Майлин ауылдық кеңесінде Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде Талғар аудандық «Алатау жұлдызы» Алматы облыстық «Жетісу» республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде Көкшетау телерадио комитеттерінде еңбек еткен. «Қазақ әдебиеті» газетінің Астанадағы меншікті тілшісі болып қызмет істеген. 1991 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. 2006 жылдан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Астанадағы өкілетті өкілі.
Жетістіктері Бірнеше Құрмет грамотасымен Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Шығармалары Алғашқы әңгімелері мен очерктері 1970 жылдан бастап газет-журналдарда жарияланып келеді. 1988 жылы «Елегізу» атты әңгімесі «Арман қанатында» жинағына енген. Ерке шора. Әңгімелер, ертегілер, повесть. «Балауса», 1996 Мақтаншақ сары сағат. Ертегілер. «Фолиант», 2001 Ине мен жіп. Ертегілер «Фолиант», 2001 Әуелен үшқан тырналар. Әңгімелер және повесть. А., «Балауса», 2002 Дария шабыт. Деректі әңгімелер. «Елорда», 2003 Аю құлақ. Әңгімелер, ертегілер және повесть. А., «Арда», 2006 Меңді қыз. Әңгімелер мен драмалық хикаят. А., «РИИЦ АЗИЯ», 2006 Жалқаулыққа кім үйір? Ертегілер мен әңгімелер. А., «Баур», 2008.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:12 қыркүйекте туғандар Санат:1955 жылы туғандар Санат:Аягөзде туғандар Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан жазушылары