Александра Егоровна Кузмичева (13 желтоқсан, 1930, Башқұртстан, Кюргазин ауданы, Ермолаев а.) — ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты (1972), профессор (1991), Қазақстан білім беру ісінің үздігі.
Орал педагогикалық институтын бітірген, осында физика кафедрасының оқытушысы ретінде еңбек жолын бастаған (1962). Ұзақ жыл КСРО FA Ионосфераның жер магнетизмін және радиотолқындардың таралуын зерттеу институтының (Мәскеу қ.) космостық сәуле бөлімінде қызмет істеген. Ғылыми еңбектері Осында жүріп «Планетааралық кеңістіктегі екпінді толқынның дамуын зерттеу және магниттік дауыл алдында космос сәулелерінің жеделдігінің өсу әсері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған (1972). 60-тай ғылыми еңбектің авторы. Оның зерттеулері планетааралық орта және күн-жер физикасы мәселелеріне арналған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:13 желтоқсанда туғандар Санат:1930 жылы туғандар Санат:Кюргазин ауданында туғандар Санат:Қазақстан физиктері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:КСРО FA Ионосфераның жер магнетизмін және радиотолқындардың таралуын зерттеу институтының профессорлары Санат:КСРО физиктері Санат:КСРО ғалымдары Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері