Топырақ қасқыры () - қорқау қасқыр тұқымдастары.
Басы ұзын, тұмсығы жіңішке, жақтары нашар. Алдыңғы аяқтарының саусақтары бесеу. Дене ұзындығы 55-80 см, құйрығы, 30 см, жалы ұзын. Түсі сұрғылт-сары, көлденең қара жолақтары бар, құйрығы ала. Оңтүстік және Шығыс Африканың далалық және шілікті-бұталы жерлерінде таралған. Қорегі, жәндіктер мен ұсақ омыртқалылар.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Қорқаулар