Ғани Саржанұлы (9.6.1930, ҚХР, ШҰАР, Тарбағатай аймағы, Толы ауданы) - ақын, жазушы. ҚХР Жазушылар одағының мүшесі. 1945- 48 ж. Үш аймақ төңкерісіне қатысып, әскерде болған. 1948 - 56 ж. Толы ауданында мұғалім болып жұмыс істеген. 1956 жылдан "Шыңжаң" газетінің қазақ тіліндегі басылымында тілші, редактор. Шығармалары: Көресі. Роман. Пекин, 1989; Қайтауыл Роман. Ү., 1991; Сонар. Өлен­дер жинағы, Пекин, 1982; Медальды азамат. Очерктер жинағы, Ү., 1981; Қарауыл Әңгімелер жинағы, Күйтің. 1988.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар