Асан Тәжиев (1907, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы — 1976, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы) — ақын. Өлеңді жазып та, ауызша айтып та шығаруға машықтанған. Ауылда ағарту саласында қызмет істеген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. "Жауынгер батыр ерлерім", "Харьков азат етілді", "Отан үшін", т.б. майданда шығарылған өлеңдерін қарулас жолдастарының арасында айтып жүрген. Соғыстан кейін "Жас шопандарға", "Балаларыма", "Орыс тілі - ана тілі", т.б. арнау жырлары, "Жақсы мен жаман", "Молда мен қарға", т.б. мысал өлеңдері аударған газеттерде басылды. Біраз өлеңі "Шұғыла" жинағында (1977) жарияланған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер

Санат:1907 жылы туғандар Санат:Бәйдібек ауданында туғандар Санат:1976 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақ ақындары