Шолпанқұл Сейітов (1900, Жамбыл облысы Красногор ауданы Ораза - 1943) - ақын. Әкесі Сейіт өлең-әнге құмар сауықшыл кісі болған.Шопанқүл да жасынан әйгілі әнші ақын Кененге ілесіп, содан үлгі алады. 1932 - 1941 жылдары әр түрлі салада еңбек етіп, кейін ауылдық кеңестің төрағасы болады. Кенен Әзірбаевтың "Сағындым-ау, Шолпанқұл" деген белгілі әні осы жауынгер ақынға арналған. Бірсыпыра өлеңдері "Жыр-аманат" жинағына (құрастырған - К.Сейдеханов) енген. Құрмет грамотасымен марапатталған.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Шолпанқұл Сейітов · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.