Қалаубек Құдайбергенұлы Тұрсынқұлов (25.3.1934, Түркістан облысы Ленин ауданы Шарболат ауылы - 02.02.2009) - жазушы. Лақап аты – Қалкен Шарболатұлы.Қазақстан жазушылары. Анықтамалық. Алматы, «Жазушы», 1982, 243-ші бет Якут АССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1981). Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университетті) бітірген (1957). 1957- 61 ж. Ленин аудандық орта мектепте мұғалім, аудандық комсомол комитетінің 1-хатшысы, 1962 - 63 ж. Оңтүстік Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің хатшысы, 1963 - 66 ж. Шымкент облысы комсомол комитетінің 1-хатшысы, 1966 - 69 ж. Қазақстан ЛКСМ ОК-нің хатшысы, 1969 -72 ж. Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 1972 жылдан Қазақстан жазушылар одағының хатшысы болған.

Қаңлы руынан шыққан. Шығармашылығы Тұңғыш әңгімелер мен повестер жинағы "Алысқа тартқан жол" 1969 ж. жарық көрген. "Алыста қалған ағайлар" (1970), "Әкелер жолымен"(1972), "Есіңде ме сол бір кез"(1973), "Олар оралған жоқ" (1976), "Аңды Қарақыз" (1982), "Алыс жолдар" (1974), "Поляр шеңберінің маңында" (1986) жинақтары басылып шықты. Тұрсынқұлов "Кәпірзада оқиғасы", "Арман азабы" пьесаларының авторы. Бірқатар шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. 2 рет "Құрмет белгісі" (1981) орденімен және медальдармен марапатталған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:1934 жылы туғандар Санат:2009 жылы қайтыс болғандар