Камера - арнайы мақсаттағы жабық көлем.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0 Акустикалық камера - еніммен, мысалы, автомобильмен шығарылатын ішкі және сыртқы шуды өлшеуге арналған камера. Дымқылдық камерасы - жабылғылар мен материалдардың дымқылдыққа шыдамдылығын сынауға арналған камера. Шуы басылған камера - еркін ашық кеңістік жағдайларына жақын жағдайларда акустикалық өлшемдерге арналған камера. Климаттық камера - әр-түрлі табиғи-климатты аймақтарға сәйкес жағдайларда өнімдерді сынауға арналған камера. Бояу камерасы - гидрофильтрмен және сорғыш ауа тазартқыш жүйемен, бояу құрылғылармен жабдықталған, өнімдерді бояуға арналған камера. Қалтқылы камерасы - жанармайдың деңгейін қалтқымен реттелуі бар шашыратушыларға келетін жанармайды сактауға арналған карбюратордағы камера. Серіппе-пневматикалық камера - тежегіш камера, оның пневматикалық бөлшегі доңғалақтың тежегіш механизмдерін іске қосу үшін жұмыс тежегіш жүйесінің құрамында пайдаланылады, ал серіппе аккумулятор - сол тежегіш механизмдерді қысылған ауаның жоқ болу кезінде, қорлык тежегіш жүйелердің немесе тұратын жүйелер құрамында іске қосу үшін пайдаланылады. Ревербациялық камера - акустикалық камера. Оның барлық нүктелерінде дыбыстық қысым бірдей, бұл қоршайтын беттерден дыбыстың толықтау шағылысуымен жетіледі. Жану камерасы - газ түріндегі, сұйық немесе қатты отынды жандыруға арналған, жылу козғауышындағы кеңістік.

Тағы қараңыз Көпіршікті камера Сандық камера Люминесценттік камера

Дереккөздер

Санат:Камера Санат:Физика

de:Kammer en:Chamber eo:Kamero es:Cámara fr:Chambre gl:Cámara it:Camera nl:Kamer pt:Câmara