Мұрат Кәрімұлы Хамраев (1936-1983) - ғалым, филологиялық ғылыми доктор (1964), профессор (1969). КСРО Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі (1978). Орта Азия мемлекеттік унивеситетін, Тіл және әдебиет институтының аспирантурасын бітірген. 1961 ж. Әдебиет және өнер институтында ғылыми хатшы, ҚазҰУ-да оқытушы, Тіл білімі институты жанындағы Үйғыртану бөлімінің меңгерушісі. Казак КСР Оқу министрлік жанындағы Ы.Алтынсарин атындағы педогогикалық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары. 1977 жылдан өмірінің соңына дейін Өзбек КСР Оқу министрлік жанындағы Өзбек педагогика ғылыми-зерттеу институтының директоры болған. Ұйғыр орта мектептерінің 9 сыныбына арналған ұйғыр әдебиеті оқулығының авторы. Бүкілодақтық Комсомол сыйлығы лауреаты, КСРО Педагогикалық ғылыми академиясының Ушинский атындағы сыйлығы жүлдегері, "Еңбек Қызыл Ту" орденімен, "Тың жерлерді игергені үшін", "Еңбектегі ерлігі үшін" медальдарымен және Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Мұрат Хамраев · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.