Шеңберлі піләтоқушылар (Malacosoma neustria) - көбелектер. Қанаты жайылғанда 28-42 мм. Маусым-тамызда ұшады. 400-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын ағаштардың жіңішке бұтақтарына шеңбер тәрізді айналдырып салады. Жұлдыз құрттары жұмыртқада қыстайды, ал олардың ересектері, жібек жібінен тоқылған ұяда. Қуыршақтануға кетерде уядан жан-жаққа тарап, өсімдіктердің жапырағымен қоректенеді. Еуразияда таралған.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Қабыршақ қанаттылар