Жезқазған облыстық филармониясы, Тайжан Қалмағанбетов атындағы Жезқазған облыстық (бұрынғы) мемлекеттік филармониясы - концерттік ұйым. 1984 ж. С.Елеусізов пен А.Молдағайыновтың ұйымдастыруымен ашылды. Филармония құрамында қазақ, орыс, шет ел музыкасын насихаттайтын "Байқоңыр", "Жезкиік" эстрадалық жастар ансамблі, "Қайырлы кеш", вокалдық-аспаптық ансамблі, балаларға арналған қуыршақ бригадасы, ішекті аспаптар квартеті мен баяншылар триосы жұмыс істеді. Көркемдік жетекшісі Б.Қазығұлов (1984 жылдан) болды. Филармония ұжымы республиканың көптеген қалаларында өнер көрсетті.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965260958
Дереккөздер
Санат:Жезқазған Санат:Қазақстан мәдениеті