Алма Темірбекова - (шын аты -Қайрат) Зарапқызы (1.4.1929 ж.т., Алматы) - музыкатанушы, өнертану кандидаты (1967). 1954 ж. Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) музыка тарихы мен теориясы бөлімін. 1957 ж. Қазақстан ғылым академиясының аспирантурасын (ироф. А.Жұбановтың жетекшілігімен) бітірді. Алматы консерваториясында педогок қызметпен айналысты: оқытушы (1957 жылдан), музыка және фольклор кафедрасының меңгерушісі (1982 жылдан). 1961 - 1982 ж. Әдебиет және өнер институтындағы музыка бөлімінде ғылыми қызметкер болып қызмет істеді. Ол Жетісу өлкесінің ән мәдениетін зерттеумен шұғылданды. Музыка өнері бойынша жазған ғылыми зерттеулері мерзімді басылымдарда және жинақтарда жарық көрді. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1990) марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 Шығармалары Жетісу әндері, "Жүлдыз", 1965, №2; Казахскне народные песни, А.-А., 1975; Ладоритмическая основа казахской советской народной песни, А,-А., 1975; Алмазная россыпь, А.-А., 1980. Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Алма Темірбекова · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.