Ақтасты — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Тәттімбет ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 116 км-дей жерде.

Тарихы Іргесі 1934 жылы Жаңа негіз, Қызыл ту ұжымшарлары негізінде құрылған. 1959 жылы ұйымдастырылған «Ақтасты» кеншарының орталығы болды. Шаруашылығының мамандандырылған негізгі бағыттары - қой және етті мал шаруашылығы. Жерінің жалпы ауданы — 133 мың га. 1844 жылы Қу тауындағы Түндік өзенінің оң қапталынан Қазақстанда ең тұнғыш металлургия зауыты (Благодатно-Стефановск зауыты) салынған. 1844-1861 жылдары қорғасын, алтын аралас қара мыс өндірген. Қазіргі уақытта ауылда 14 шаруа қожалығы жұмыс аткарады (2006).

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1050 666 389 58,4 327 205 62,7 339 184 54,3

Инфрақұрылымы Мектеп, ОДА, клуб, 2 кітапхана, пошта байланыс торабы жұмыс жасайды. Бұл жерде атақты күйші Тәттімбет Қазанғапұлы дүниеге келген. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы елді мекендері