thumb|right|200px|Нина Константиновна Куклина-Врана Нина Константиновна Куклина-Врана (20.1.1915, Ресей, Чита облысы Нерчинск қаласы - 2000 КУКЛИНА-ВРАНА Нина Константиновна) - әнші, педагог, Қазақстанның халық артисі (1947).

Мәскеудегі Гнесиндер атындағы музыкалық-педогогикалық институтын бітірген (1949). Алғашында концертмейстер (1931 - 34), одан кейін Иркутскідегі Шығыс Сібір операсында, Пермь мен Мәскеудің опера театрларында соло-әнші болды. 1941 - 58 жылдары Қазақ опера жөне балет театрының соло-әншісі болды. Марфа (Н.А. Римский-Корсаковтың "Патша қалыңдығында"), Людмила (М.И. Глинканың "Руслан мен Людмиласында"), Виолеттаның (Дж. Вердидің "Травиаттасында"), Джульетта (Ш.Гуноның "Ромео мен Джульеттасында"), т.б. партияларды орындады.

Ол вокалдық білім беру мәселесіне арналған әдістемелік оқу-құралын шығарды. 1946- 58 жж. Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) оқытушы болды. 1958 жылдан Киев консерваториясында дәріс берді.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:20 қаңтарда туғандар Санат:1915 жылы туғандар Санат:Нерчинскде туғандар Санат:2000 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан әншілері Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері Санат:Гнесиндер атындағы музыкалық-педогогикалық институты түлектері Санат:Ресей опера әншілері Санат:Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры әртістері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары Санат:Киев консерваториясы оқытушылары Санат:Киев консерваториясының профессорлары