Амантау — Қарағанды облысы Нұра ауданы Амантау ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2009 жылы таратылған.
Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен онтүстік-батысқа қарай 97 км-дей жерде.
Тарихы Іргесі 1963 жылы қаланған.
Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 587 адам (313 еркек және 274 әйел) болса, 2009 жылы 27 адамды (18 еркек және 9 әйел) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Шаруашылығы, инфрақұрылымы Жерінің жалпы ауданы 57,1 мың га. 12 шаруа қожалығы мал өсірумен және егін шаруашылығымен айналысады. Ауылда мектеп, мәдениет үйі, балабақша, кітапхана т.б. әлеуметтік-тұрмыстық мекемелері бар. Өзге елді мекендермен ауыл автомобиль жолдары арқылы байланысады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданының таратылған елді мекендері