Әбілтай Қастеев (5 мамыр 1937 жыл, Алматы - 29 сәуір 1998 жыл, сонда) - кинооператор. 1982 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Өмірбаяны 1960 жылында Мәскеудің Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген.

1955 жылында шығармаларын жолын киношежіреде оператордың көмекшісі (ассистенті) ретінде бастайды. 60-шы жылдардың ортасына дейін бірнеше деректі фильмдер түсірген соң, көркем фильмдер түсіруге кіріседі.

Шығармашылығы және марапаттары Оның қатысуымен "Үлкен Жезқазған" (1961), "Жаңа жердегі таң" (1983), "Үш бәйтерек" (1992), т.б. деректі, "Мәншүк туралы баллада" (1969), "Отқа оранған Орал" (1975), "Алпамыс мектепке барады" (1977), "Жаушы" (1980), "Жансебіл" (1991), т.б. көркем фильмдер түсірілді.

Қастеев "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.

Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері