Жаннат Жұрғалиқызы Ертілесова – математик,экономика ғылымының докторы (1991). Қысқаша өмірбаяны

ҚазМУ-ды (1978, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1978–86 Қазақ КСР-і Мемлекет жоспарлау к-ті жанындағы Экономика ғылыми-зертхана институтында кіші, аға ғылыми қызметкер; 1991–93Экономика және нарық қатынастары ғылыми-зертхана институтында бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары; 1993–95ҚР Экономика министірлігінде басқарма бастығы, министрдің орынбасары; 1995–97 ҚР Қаржы министірлігінің вице-министрі; 1997–991-вице-министрі; 2000–01«Қазақтелеком» ААҚ-ның вице-президентібас директоры, ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің және ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, т.б. жауапты қызметтер атқарады. «Моделирование региональной экономики (на материалах КазССР)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:1956 жылы туғандар