Меңтай Смағұлұлы Өтепбергенов (7 тамыз 1946, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылы - 5 қаңтар 2016 жыл, Алматы) — киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1996).

Өмірбаяны Мәскеу цирк училищесінің Алматыдағы филиалылының клоунада және пантомима бөлімін (1968) Бүкілодақтық кинематография институттын бітірген (1974). 1969 -70 ж. Гүлдер" ансамблінде өнер көрсетті. 1974 жылдан" Қазақфильм" киностудиясының актері.

Шығармашылығы Ол 40-тан астам киноға түскен. "Біз - ересектер" (1980), "Жаушы" (1980), "Ақ шаман" (1983), "Жеңімпаз" (1984), "Интердевочка" (1991), "Шанхай" (1996), т.б. фильмдерінде ойнаған.

Сондай-ақ, О. "Маркалардағы әлем киносының тарихы" атты кітаптың авторы. Кітаптың тұсаукесер рәсімі Канн қаласындағы 51-ші Халықар. кино-фестивалінде өтті.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 ҚР Кинематографистері одағының хатшысы (1999-2001).

Марапаттары «Құрмет» орденімен «Қажырлы еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл мерейтойы құрметіне» (1970) медалімен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1996). Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Құлагер-2009″ Ұлттық кинематография сыйлығының лауреаты.Алматыда танымал актер Меңтай Өтепбергенов көз жұмды

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Таумурзина Айша (1949 жылы туған), Қазақ радиосының режиссері. Ұлдары - Өтепбергенов Серік (1974 жылы туған), кинорежиссер; Өтепбергенов Берік (1982 жылы туған), клиптер мен жарнама роликтерінің режиссері.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:7 тамызда туғандар Санат:5 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері