Панель - агрегат, қондырғы немесе аспаптың бөлшектер мен құрамды элементтер қондырылған бір белігі; ғимараттың, шанақтың бетінің элементі болып табылатын қаптамалы немесе кетергіш тілімше. Панель түрлері Шанақ панелі - әдетге катты қабырғалармен қатайтылған табақшалардан жасалған автомобиль шанағының бөлшегі. Сақтандырғыш панелі - автомобиль сымдары мен электр аспаптарын жанып кетуден сақтайтын сақтандырғыштар жинақталған панель. Аспап панелі - аспап қалқаншалары мен басқа да басқарушы және белгі беруші қондырғылар орналасқан автомобиль кабинасының алдыңғы бөлігінде көлденең орналасқан пішінді жапсырма панель.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

Санат:Көлік бөлшектері