Голенькое – Есіл алабындағы көл.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка аулынанан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 3,6 км2, теңіз деңгейінен 99,1 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 5,1 км, енді жері 1,1 км, жағалау бойының ұзындығы 15,7 км. Қар суымен толысады. Қарашада қатып, сәуірде мұзы ериді.
Жағалау сипаты Жағалауы аз тілімденген. Батысы мен шығысы тік, оңтүстігі аласа және жайпақ келген. Түбі құмдауытты-батпақты, тұнбасының қалыңдығы 0,3 – 0,4 м. Суы ішуге жарамсыз. Көл жағалауында қамыс, жусан, боз, бетеге, шығысында шоқ қайың ормандары өседі.
Санат:Жамбыл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) көлдері Санат:Есіл су алабы көлдері