Реттегіш - машинаның немесе үрдістің кезкелген айқындауышын берілген шектеулерде ұстауға арналған құрылғы. Контактісіз реттегіш - жартылай өткізгіш аспаптарында дайындалған кернеу реттегіші. Оталдыру шының ваккумды реттегіші - іштен жанатын козғауыштағы енгізу колектіріндегі ваккум мөлшеріне байланысты ерте оталдыру бұрышын автоматты өзгерту құрылғысы. Бүкілрежимдік реттегіш - жанармайберубаспасының жагдайымен сәйкес козғауыш айналу білігінің берілген жиілігінің үстауын қамтамасыздандыру үшін арналған дизельді қозғауыштың реттегіші. Ішінен орнатылған реттегіш - көліктің генераторына орнатылған кернеу ретгегіші. Қысым реттегіші - жұмыс сұйықтығының қысымын басқаруға арналған гидравликалық басқару жүиесінің құрылғысы. Компрессор қысымы реттегіші - жүйедегі қысым берілген мағынага жеткен кезде, компрессорды бос жүріс жұмыс тэртібіне шыгаратын құрылғы. Екі режимді реттегіш - козғауыш білігінің тах және тіп айналу жиілігі бойынша шектеулерді камтамасыздандыратын дизельді қозғауыштын реттегіші. Шанақтың реттегіші - автомобиль шанағының жагдайын тік бойынша, сонымен қатар бойлық және көлбеу жазықтықтарында теңестіруге мұмкіндік беретін құрылғы. Кернеу реттегіші- генератор білігінң эртұрлі айналу жиілігіндегі өлшем бойынша тұракты кернеуді ұстауға арналған реттсгіш. Ерте оталу реттегіші - ерте оталу бұрышын автоматты және қолмен өзгертуге арналған құрылғы. Шығын реттегіші - гидравликалық басқару жүйедегі, - жұмыс сұйықтығының шығынын басқаруға арналған құрылғы. Тежеуші күштер реттегіші - тежеуші күштін қосындысын көбейту үшін, көліктіңалдыңғы және артқы тежеуіш механизмдері арасындағы қатынасын автоматтық өзгертуге арналған құрылғы. Ортадан тепкішті оталдыруыштың реттегіші - іштен жанатын қозғауыш білігінің айналу жиілігінен тәуелді, таралатын жүктердің көмегімен ерте оталу бұрышын автоматтық өзгертуге арналған құрылғы.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

Санат:Көлік бөлшектері