Итмұрынды – Табақкеңтатыр аңғары мен Балқаш көлінің аралығындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 557 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылған, енді жері 6 км.
Геологиялық құрылымы Ерте ортаңғы тас көмір кезеңінің гранитоид жыныстарынан түзілген.
Жер бедері Беткейлері көлбеу, түпкі жыныстары жалаңаштанып жер бетіне шығып жатыр.
Өсімдігі Сортаңды сұр, бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бұйырғын, баялыш, итмұрын, т.б. бұталы өсімдіктер өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары