Қарағанды жұмысшы әйелдері, Ұлы Отан соғысы жылдарында кәсіпорындардан, құрылыстан, транспорттан майданға кеткен жұмысшылардың орның басқан жұмысшы Әйелдер. «Правда» 1941 жылдың маусымында: «Біздің 200 млн ұлы халқымыздың тен жартысы әйелдер. Бұл - аса зор еңбек резерві, аса зор күш» — деп жазды. Әйелдерді өндірістегі жұмыс орнына тартуда Қазақстан К (б) П ОК-нің 1941 ж. 25-26 маусымда еткен 5-пленумының, Қазақстан К (б) П ОК-і мен ҚазКСР Халық Комиссарлар Кеңесі қаулысының және осыларға сәйкес республиканың өндірістік кәсіпорындарында, ұйымдарында, еңбек ету үшін маманданған жұмысшы әйелдерді дайындау жөніндегі шаралардың және қыздар мен әйелдерден өндіріс пен транспорт жұмысына кажетті маманданған жұмысшыларды одан әрі дайындай түсуге бағытталған Қазақстан Л КЖО ОК-нің қарарлары маңызды рөл атқарды. Еліміздің шығысында көмір металлургия ендірісін көтеру мақсатында Мемлекеттік қорғаныс комитетінің 1942 ж. 13 қыркүйектегі «Қарағанды көмір бассейнінде көмір шығаруды арттыру жөніндегі шұғын шаралар туралы» БК (б) П ОК-нің 1942 ж. 24 қыркүйектегі «Көмір өндіруді арттыру міндегіне байланысты Қарағанды көмір бассейнінде партиялық жұмысты жақсарту жөніндегі шаралар туралы» қаулылары қабынданды. Осы каулыларды жүзеге асыруға байланысты басты міндеттердің бірі кадрлар мәселесі болды. Оны шешуде облысы партия ұйымы Қарағанды әйелдерінің «Еңбекте майдандағыдай күш жұмсайық» деп көтерген патриоттык қозғалысына сүйенді. Ұлы Отан соғысы кезеңінде жұмысшы әйелдердін саны екі еседей артты, өндірістік кәсіпорындардағы барлық жұмысшылар санының 48%-ы, транспортта 40%-ға жуығы әйелдер болды. Көмір бассейнінде кенші әйелдердің саны 5,5 есе артты. Жер асты жұмыстарында 5 мындай әйел жұмыс істеді, олардың ішінде 1060-ы көмір құлатушы болды. Еліміздің батыс ауданынан көшіріліп әкелінген байырғы жұмысшылардың, инженерлердің, мамандардың жетекшілігімен бұрын ерлердін үлесіне тиіп келген кеншілердің, металлурггердін,темір жолшылардын, құрылысшынардың мамандықтарын меңгерді, жаңа техн. игерді. Осы жағдайда фабрикалық-зауыттық (ФЗО) оқу мектептері мен жеделдетілген оқу курстарының ерекше маңызы болды. Қарағанды әйелдерінің жоғарғы патриоттык саналылығы шығармашылық бастамаларда, Социалистік жарыстарда көрінді. Ж. Мұқанова 3-бис шахтасында бірінші болып көмір құлатушы мамандығын игерді. Б. Омарова №1 шахтада тасылмалшы тәжірибесін жинақтады. Кенші әйелдер А. Жданова, М. Кәрімова, К-Құлжанова, 3. Раева, М. Смағұлова, Б. Тәшкеева, М. Тұрлыбаева т. б. еңбектегі ерлігімен данкка бөленді. Ұлы Отан соғысының аяғында забойларда 2450 әйел жұмыс істеді (олардың 935-і көмір құлатушы, 68-і инженер, техник қызметкерлері, 126-сыонбасы). Көмір бассейнінің кәсіпорындарында комсомол жастардың майдандық46 бригадасы жасақталды (№21 шахтада Пирожқованың, С. М. Киров атынд. шахтада Полохованың, №18 шахтадағы Деминаның, №19 бис шахтасындағы Воронинаның т. б. бригадалары). Бұл бригадалар тәулігіне 1,5-2 норма орындап жүрді. 1943 ж. БК (б) П ОК-нің шешімі бойынша әйелдер арасындағы саяси тәрбие жұмысын күшейту үшін облысы өндіріс және а. ш. кәсіпорындарында әйелдер кеңестері ұйымдастырына бастады. Бұл кеңестер жұмысшы поселкелерінде, жатақханаларда, асханаларда үлгілі тәргіп орнату жөніндегі қозғалысты басқарды. Қарағанды әйелдері жұмыстан тыс уақытта темір жол вагондарына 433 мың т көмір тиеді, жоспардан тыс 100 мың тдан астам көмір өндірді, 300 өндіріс орындарын жөндеуден өткізді, 8 млн дана іш киімдер мен жұмыс киімдерін жуып жамады, «Қарағанды әйелдері» аталған 3 санитарлық самолет жасауға қаржы жинап әткізді, ай сайын қорғаныс қорына бір күндік еңбекақы аударып отырды. Олар Чистяқою қаласындағы балалар үйінін құрылысына 1307 мың сом, Минск к-ндағы осындай күрылысқа 395 мың сом қаржы жинады. Витебск к-ндағы балалар яслиі жабдықталды. Осакаров ауданының әйелдері республиканың балалар үйлеріне азық-түлік пен жылы киімдер, ақша (68496 сом), ата-аналары майданда қаза тапқан балаларға пионерлер лагеріне бару үшін тегін жолдамалар жіберді. Жетім балаларды өз төрбиесіне алуда, оларға қамқорлық көрсетуде, балалар мекемелеріне орналастыруда әйелдер елеулі рөл атқарды. Олардың жетекшілігімен 416 бала әр түрлі өндіріс мамандықтарын игеріп майданға кеткен жұмысшылардың орнына тұрды. Жетім балаларға көрсеткен камқорлықтары үшін әйелдер Мемл. Қорғаныс Комитетініңалғысыналды. 22 жұмысшы әйел, олардың ішінде машинист Р. Бүкірова, шырақшы О. Лекерова т. б., КСГО орден және медальдарымен марапатталды, 97 адам ҚазКСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, 65 адам КСГО көмір өнеркәсібінің Құрмет Белгісімен марапатталды.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Жұмысшылар