Қараласиыр – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Босаға ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-ге созылған, ені 5 км. Ең биік жері - 1047 м.

Геологиялық құрылымы Девонның гранитоидтық жыныстарынан түзілген.

Жер бедері Тегіс беткейлі бірнеше ұсақ шоқылықтан тұрады. Аймаш өзенінің 2 саласы бастау алады.

Өсімдігі Шала дамыған қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, бетеге, бұталар өседі. Өңірі жазғы жайылымға және қыстауға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары