Қозықұлақ (Trіchochіton) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Қаратау мен Батыс Тянь-Шань тауларының тасты беткейлерінде, жартас және ағаш көлеңкелерінде өсетін 1 түрі – майда қозықұлақ (T. іnconspіcum) кездеседі. Биіктігі 5 – 40 сантиметр, сабағы кейде бұтақталған, жапырақтары ұзынша, тостаған жапырақшаларының түп жағы дорбашық тәрізді. Күлте жапырақшалары ақ түсті, ұзындығы 2 милиметрдей. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Бұршаққынды жемістері созылыңқы қандауыр пішінді, ұзындығы 1,5 – 4,5 сантиметр. Жоғарғы жағы қысыңқы келеді де, төмең жағының 1/3 бөлігі ашылады. Тұқымы жасыл сары түсті.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер</span>

Санат:Орамжапырақтар