thumb|карбюратора Карбюратор - бензин мен ауадан тұратын жанушы қоспа дайындайтын құрылғы.
Қалтқысыз карбюратор
Жанармайдың керекті деңгейін автоматты түрде ұстайтын (Қалтқылы камера сияқты) және оны араластыру камерасына берілуін қамсыздандыратын құрылғыға ие болатын карбюратор.
Екікамералы карбюратор
Бір корпуста екі араластыру камераға ие болатын карбюратор.
Золотникті карбюратор
Дроссельдік жапқыштың қызметін золотник атқаратын карбюратор.
Бір камералық карбюратор
Корпуста бір араластыру камерасы бар карбюратор.
Қалтқылы карбюратор
Жанармайды араластыру камерасына жіберу және сақтау үшін қалтқылы камерасы бар карбюратор.
Тұрақты ажырату карбюраторы
Диафрагма астындағы кеңістікте тұрақты ажыратуды автоматтық түрде ұстайтын және қалтқылы камераның қызметін атқаратын дифрагмалық құрылғысы бар карбюратор.
Ағыны түсетін карбюратор
Ауаның ағыны үстінен астына жүретін карбюратор.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Дереккөздер
Санат:Транспорт