Геннадий Николаевич Тюркин (12.04.1953 жыл, РКФСР Брянск облысы Брянск ауданы Пяльцо ауылында туған) - мемлекеттік қайраткер. Орыс. Өмірбаяны Әкесі - Тюркин Николай Федорович. Анасы - Тюркина (Артюхова) Марфа Павловна.
Еңбек Қызыл Ту орденді Челябі ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтын бітірген (1982), инженер-механик.
1970 жылдан - Октябрьдің 37 жылдығы атындағы кеңшардың аккумуляторшысы, тракторшысы, кәсіподақ төрағасы, аға инженері. 1982 жылдан - «Красивинск» кеңшары партиялық ұйымының хатшысы. 1984 жылдан - КСРО 50 жылдығы атындағы кеңшардың директоры. 1990 жылдан - Қостанай облысы Амантоғай аудандық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы. 1991 жылдан - Арқалық аудандық комитетінің бірінші хатшысы, аудандық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы. 1992 жылдан - Арқалық аудандық әкімшілігінің басшысы. 1995 жылдан - Қостанай облысы Арқалық ауданының әкімі. 1997 жылдан - Арқалық қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 1998 жылдан - Қостанай облысы Астрахан ауданының әкімі. 2004 жылдан бері - Қостанай облысы Қостанай ауданының әкімі. Марапаттары «Құрмет» (2001), «Парасат» (2007), Орыс православиелік шіркеуінің III дәрежелі Киелі де ізгі сенімді Князь Даниил (2006) ордендерімен, «Еңбектегі жетістігі үшін» (1976), «Астана» (2001), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2005), «Тыңға 50 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. Білім ісінің меценаты (2008). Шендері Әскери атағы - запастағы майор. Отбасы Үйленген. Жұбайы - Тюркина В. А. (1950 жылы туған), зейнеткер. Балалары - Кремнева Л.Г. (1972 жылы туған); Тюркин Г.Г. (1974 жылы туған); Тюркин А.Г. (1978 жылы туған).Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:12 сәуірде туғандар Санат:1953 жылы туғандар Санат:Брянск ауданында туғандар Санат:Челябі ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институты түлектері Санат:Амантоғай аудандық атқару комитетінің төрағалары Санат:Арқалық ауданының әкімдері Санат:Астрахан ауданының әкімдері Санат:Қостанай ауданының әкімдері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:Қазақстан КП Арқалық аудандық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Арқалық аудандық атқару комитетінің төрағалары Санат:III дәрежелі Әулие князь Даниил орденінің иегерлері Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Тыңға 50 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері