Сламбек Әйнекбайұлы Жұмағали (1956 ж. т.) - актер.
Өмірбаяны Алматы Мемлекеттік театр және өнері институтын (1981), ҚарМУ-ді бітірген (1997). 1984 жылдан С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының артисі әрі әдебиет бөлімінің меңгерушісі. Ойнаған рольдері К. Жұмабековтың «Замана неткен тар едің...» — Абай, Ә. Оразбековтың «Бір түп алма ағаш» — Ерғали, М. Әуезовтін «Айман-Шолпан» — Көтібар бейнелерінің шоқтығы биік.
Марапаттары Абай атындағы республикалық фестивальдін Күміс жүлдегері (1995), Мәдениет министрлігінін «Мәдениет қайраткері» кұрмет белгісімен марапатталды (2002).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1956 жылы туғандар Санат:Қазақстан актерлері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері