Шоқпартас – Барақ пен Есенаман өзендерінің аралығындағы шоқы. Қарасор көлінен солтүстікке карай 10 км жерде орналасқан.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Ең биік жері 708 метр. Элювийлі-делювийлі шөгінділер жамылған, орта жөне жоғарғы девон жыныстарынан түзілген. Негізгі жыныстарының жер бетіне шығуы кездеседі.
Өсімдігі Қызыл қоңыр топырағында бетеге, селеу, жусан өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары