Қызылсеңгір – Теңіз көлінің оңтүстік-шығысындағы аласа тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы, Отарбай ауылының шығысында 3 км жерде орналасқан, Көң өзенінің оң жағалаулық жайылмасында жатыр.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 410 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 4 км-ге созылған, енді жері 1 км. Жонды-қырқалы келген белестерден тұрады. Батысында Қияқты өзені, солтүстік-шығысында Кезеңшабдыра шоқысы, оңтүстік-шығысында Шөленжол тауы, солтүстігінде өзімен аттас қыстау жатыр.

Өсімдіктері Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында қоңырбас, итмұрын, тобылғы, қараған, жусан, бетеге, тағы басқа өсімдіктер өседі. Өңір мал жайылымына қолайлы, сондай-ақ батыс беткейі шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары