Масғұт Жабасұлы Халиоллин (1929 ж. т.) - журналист.
Өмірбаяны Қарағанды мұғалімдер институтын (1950) бітірген. ҚазМУ-ды (1957) бітірген. Қарағанды облысы «Советтік Қарағанды» (кейін «Орталық Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, облыстық радиокомитетте бас редактор болып қызмет етті. Зейнетке шыккан соң Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы болып сайланып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, ұлттык рухты асқақтату, облыста қазақ мектептері мен бала-бақшаларын ашуда белсене еңбек етгі.
Шығармашылығы «Парасат» атты очерктер, әңгімелер мен фельетондар жинағының авторы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Орталық Қазақстан газеті қызметкерлері Санат:Орталық Қазақстан газеті бас редакторлары Санат:Қазақстан бас редакторлары Санат:Қазақ тілі қоғамы тұлғалары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері