Жанат Рашитұлы Шұғаев 1960 жылы 16 тамызда Павлодар облысы Май ауданының Қызыл еңбек ауылында туған. Қазақ. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1983), ғалым-агроном. 1977 жылдан - Целиноград ауыл шаруашылығы институтының студенті. 1983 жылдан - Павлодар облысы Павлодар ауданы «Маяк» кеңшарының агрономы. 1985 жылдан - Павлодар аудандық ауыл шаруашылығы бірлестігінің бас агрономы. 1989 жылдан - Павлодар облысы Павлодар ауданы «Маяк» кеңшарының партком хатшысы, 1990 жылдан - директорының орынбасары. 1991 жылдан - Павлодар облысы «Павлодар БАТТ» ШК бас директоры. 1997 жылдан - СҚО бойынша «БАТТ корпорациясының» өкілі. 1998 жылдан - СҚО Аққайың ауданы «Смирнов элеваторы» АҚ директоры. 2001 - СҚО «Қиялы астық» ЖШС директоры. 2003 жылдан - СҚО Аққайың ауданының әкімі. 2004 жылдан - СҚО «Мамлют ұн тарту комбинаты» ААҚ президенті. 2006 жылдан - «БАТТ Агроинвест» ЖШС бас директоры (Көкшетау қаласы). 2007 жылдан - «Бурабай агрофирмасы 2007» ЖШС бас директоры (Ақмола облысы Щучье ауданы). 2009 жылдың қаңтарынан бері - Павлодар облысы Железинск ауданының әкімі. Щучье аудандық мәслихатының депутаты (2007). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар