Майра Белгібайқызы Жангелова (1940 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1990), профессор (1990).

Өмірбаяны Семей мемлекеттік медицина институтын (1964, қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Харьков медицина институтында аспирант (1966–69) Семей мемлекеттік медицина академиясында ассистент, доцент (1969–75) Қарағанды медицина институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1975–81) Семей мемлекеттік медицина академиясында доцент, профессор (1981–89). 1990 жылдан профессор, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Ғылыми еңбектері 1988 жылы «Медиаторные процессы при отеке легких» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Жангелова 50-ге жуық ғылыми жарияланымның авторы.

Дереккөздер https://sibac.info/author/zhangelova-mayra-belgibaevna http://www.nma.org.kz/about/photogallery/?ELEMENT_ID=34227

Санат:1940 жылы туғандар Санат:Зайсанда туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Семей мемлекеттік медицина академиясының профессорлары Санат:Семей медицина университеті түлектері