Қайрат Мырзаханұлы Жаңабергенов - 1961 жылы 21 шілдеде Жамбыл облысы Луговое ауылында туған. Қазақ. Хронологиясы Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын (1983) инженер-гидротехник мамандығы бойынша; Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2002) құқықтанушы заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. 1983 жылдан - Жамбыл облысы Талас ауданы «Жданов» кеңшарының гидротехнигі. 1984 жылдан - Жамбыл қаласы теміржол торабы комсомол комитеті хатшысының орынбасары. 1985 жылдан - Жамбыл қаласы Қазақстан ЛКЖО Орталық аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1986 жылдың мамырынан - №2 автобус паркі көлік коммуникациясы бөлімінің бақылаушысы, 1986 жылдың қыркүйегінен - құрылыс жөніндегі шебері (Жамбыл қаласы). 1987 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Жамбыл қалалық комитетінің екінші хатшысы. 1989 жылдың мамырынан - Қазақстан ЛКЖО ОК идеологиялық бөлімі қүқықтық насихат секторының нұсқаушысы (Алматы қ.). 1989 жылдың желтоқсанынан - Алматы қаласы Қазақстан ЛКЖО ОК идеология бөлімі жастар арасындағы құқықтық насихат секторының меңгерушісі, 1991 жылдың наурызынан тамызына дейін - мәде-ниет және спорт бөлімі құқық бұзушылықтардың алдын алу секторының меңгерушісі. 1991 жылдың қазанынан - «Әулие ата» ШК директоры. 1997 жылдың тамызынан - ҚР Премьер-министрі орынбасарының көмекшісі. 1997 жылдың қазанынан - ҚР Президенті Әкімшілігі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің аға сарапшысы. 1998 жылдан - ҚР Президенті Кеңсесінің бас сарапшысы. 1999 жылдан- Атырау облысы әкімінің істерін басқарушы. 2001 жылдың қаңтарынан - ҚР Жоғарғы соты аппарат жетекшісінің м.а., 2001 жылдың шілдесінен - аппарат жетекшісі. 2002 жылдың қыркүйегінен - ҚР Премьер-министрі көмекшісінің уақытша м.а., 2003 жылдың қаңтарынан - көмекшісі. 2003 жылдың шілдесінен - Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2004 жылдан - Ақмола облысы Степногор қаласының әкімі. 2005 жылдан - Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі. 2008 жылдың сәуірінен - Алматы қаласы әкімі аппаратының жетекшісі. 2008 жылдың мамырынан - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік орган қызметін қамтамасыз ету департаменті директорының міндетін уақытша атқарушы ( Астана қаласы). 2008 жылдың тамызынан бері - Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі.
Жетістіктері «Құрмет» орденімен (2005); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар