Владимир Николаевич Сахнов — 1961 жылы 25 сәуірде Целиноград облысы Сандықтау ауданы Каменка ауылында туған.

Өмірбаяны Бурабай ауылшаруашылық техникумын (1980), құрылыс шебері; Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген (1986), жаттықтырушы-оқытушы.

1980 жылдан - Қаз КСР Спорт комитетінің шаңғы спортынан нұсқаушы. 1989 жылдан - Бүкілодақтық кәсіподақтары ерікті дене шынықтыру-спорт қоғамының шаңғы спортынан әдіскер. 1990 жылдан - ҚР Туризм және спорт министрлігі Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас маманы. 1993 жылдан - шаңғы спортынан ҚР Ұлттық командасының аға жаттықтырушы. 1999 жылдан - Көкшетау қаласы ОРМБЖМ директоры. 2003 жылдан - биатлоннан ҚР Ұлттық командасының бас жаттықтырушысы. 2005 жылдан - «Liebert wolkwtz» спорт клубының шаңғы спортынан жаттықтырушысы (Германия).

2007 жылдан - шаңғы спортынан ҚР ұлттық командасының жаттықтырушы-кеңесшісі.

Жетістіктері

Калгариде өткен Олимпиада ойындары эстафетасында күміс жүлдегері (1988) Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Оберстдорф, 1987) Әлем кубогының бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері (1983-1989) КСРО Халықтары спартакиадасының (1982, 1986) 50 км қашықтықтағы марафондық жарысында және эстафетасында 3 мәрте чемпионы Ынтымақтас армиялар спартакиадасының абсолюттік чемпионы (1984) 5 мәрте КСРО чемпионы; КСРО Кубогының жеңімпазы (1982,1986) ҚазКСР чемпионы (1985-1989) 50 км қашықтықтағы марафондық шаңғы жарысында КСРО чемпионы.

Марапаттары

КСРО спорт шебері (1984) Халықаралық санаттағы спорт шебері (1988). «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен (1988) ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының құрмет грамоталарымен марапатталған (1982, 1986). Әскери атағы - лейтенант.

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Сахнова Ольга Федоровна (1966 жылы туған). Ұлы - Владимир (1988 жылы туған); қызы - Николь (2006 жылы туған).Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:25 сәуірде туғандар Санат:1961 жылы туғандар Санат:1984 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының шаңғышылары Санат:1988 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының шаңғышылары Санат:1988 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:КСРО шаңғышылары Санат:Халықаралық сыныпты КСРО спорт шеберлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Санат:Сандықтау ауданында туғандар Санат:Қазақстан орыстары Санат:Қазақстан шаңғышылары Санат:Бурабай ауыл шаруашылығы техникумы түлектері Санат:Қазақ спорт және туризм академиясы түлектері Санат:Шаңғыдан Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушылары Санат:Шаңғыдан әлем біріншілігінің күміс жүлдегерлері Санат:Шаңғыдан әлем чемпиондары Санат:Шаңғыдан КСРО чемпиондары Санат:Шаңғыдан Қазақстан чемпиондары Санат:Биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлері Санат:Қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Алфавит бойынша шаңғышылар