Қадыр Әбдірәсілов (1938-1984), кенші, Социалистік Еңбек Ері (1976). Қарқаралының түлегі. 1958-1971 ж. «Ленинкөмір» тресінің №19 шахтасыңда машинистің көмекшісі, көмір комбайнының машинисі болды. 1971-1984 ж. «Наклонная» шахтасында көмір комбайнының машинисі, тазалау забойының кен жұмысшысы, «Киров» шахтасының тазалау забойында кен жұмысшыларының бригадирі. 9-шы бесжылдықтың тапсырмаларын және көмір өндіру жөніңдегі социалистік міңдеттемелерді орындауда жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштерге жетті. КОКП 25-съезінің, Қазақстан Компартиясы 15-съезінің делегаты, 10-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі. 2-рет Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. «Шахтер даңқы» белгісінің толық иегері. 1988 ж. Әбдірәсілов құрметіне Қарағандыда бүкілодақтық шахмат турнирі өткізілді.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:25 қарашада туғандар Санат:1938 жылы туғандар Санат:Қарқаралы ауданында туғандар Санат:8 шілдеде қайтыс болғандар Санат:1984 жылы қайтыс болғандар Санат:Қарқаралы ауданында қайтыс болғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қарағанды облысы тұлғалары Санат:КСРО шахтерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары