Ермек Алпысбайұлы Көкетов (8.06.1982 жыл, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы) - грек-рим күресінен балуан. Грек-рим күресінен халықаралық кластағы спорт шебері. Қазақ.

Білімі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2003), дене тәрбиесінің мұғалімі, спорт түрлерінен жаттықтырушы-оқытушы.

Еңбек жолы 2010 жылдан бері - ҚР Күрес федерациясы статистика бөлімінің бастығы.

Жетістіктері Грек-рим күресінен ҚР чемпионы (2003-2006); жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2002); Азия кубогының иегері (2003); Орталық Азия ойындарының чемпионы (2003); студенттер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2004); ересектер арасындағы Әлем чемпионатының (2005) ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (2008).

Қоғамдық қызметі Нұр Отан ХДП мүшесі.

Отбасы Әкесі - Көкетов Алпысбай, «Тұран газ» ЖШС бас есепшісі. Анасы - Көкетова Айымкүл.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:8 маусымда туғандар Санат:Қазақстан балуандары Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектері Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Грек-рим күресінен Қазақстан чемпиондары Санат:Грек-рим күресінен Азия ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:Грек-рим күресінен Азия кубогының иегерлері Санат:Грек-рим күресінен Орталық Азия ойындарының чемпиондары Санат:Грек-рим күресінен әлем біріншілігінің қола жүлдегерлері Санат:Грек-рим күресінен Азия біріншілігінің қола жүлдегерлері Санат:Грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері