Марат Сақанұлы Қапсалықов 1949 жылы 7 қазанда Семей облысы Үржар ауданы Ново-Троицк ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Қапсалықов Сақан Ақатұлы, марқұм, жұмыскер болған. Анасы - Қапсалықова Сақай Есіркенқызы, марқұм, жұмыскер болған. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген (1977), дене тәрбиесі және спорт оқытушысы. Орыс және қазақ тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2009 жылдан бері).
1972 жылдан - Үржар БЖСМ волейболдан жаттықтырушысы. 1973 жылдан - М. Горький атындағы орта мектептің дене тәрбиесі мұғалімі. 1976 жылдан - Абай атындағы орта мектептің дене тәрбиесі мұғалімі. 1977 жылдан - Семей облыстық БЖСМ футболдан жаттықтырушысы. 1984 жылдан - Семей облыстық БЖСМ оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары. 2001 жылдан бері - ШҚО Үржар ОРМБЖМ директоры. Самбодан жасөспірімдер арасындағы әлөм чемпионы Әлдиев Думанды; жастар арасындағы 2 мәрте әлем чемпионы, грек-рим күресінен Азия ойындарының чемпионы Иманбаев Әсетті; студенттер арасындағы әлем чемпионы, И. Поддубный атындағы Гран-при турнирінің жеңімпазы Кебіспаев Алматты; И. Поддубный атындағы Гран-при турнирініңжеңімпазы Қоңыратов Ерболды; шаңғы жарысынан Азия ойындарының 5 мәрте чемпионы Яцкая Оксананы тәрбиелеген. ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2005). ҚР Құрметті спорт қайраткөрі (2007). ҚР Күрес федерациясының медалімен және алғыс хатымен (2007); ҚР білім беру саласындағы мінсіз шығармашылық еңбегі үшін ҚР Білім беру министрлігінің Құрмет грамотасымен (1995); ҚР Футбол федерациясының Құрмет белгісімен (2003); «ҚР дене шынықтыру және спортын дамытудағы еңбегі үшін» белгісімен (2010) марапатталған.
Діни көзқарасы - дінге сенуші. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Гүлденген, дамыған, көпқырлы, білімді ел». Хоббиі - балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет.
Үйленген. Жұбайы - Нүкебаева Жаңылғайша Нүкебайқызы (1950 жылы туған), зейнеткер. Қыздары - Қапсалықова Аида Маратқызы (1974 жылы туған), экономист.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар
Санат:1950 жылы туғандар