Болат Мәзімбайұлы Әбділманов (1960 жылы 12 қарашада Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. "Құрмет" Орденінің иегері.
Өмірбаяны Әкесі - Әбділманов Мәзімбай, марқұм, қойшы болған. Анасы - Әбділманова Шарбану, марқұм, қойшының көмекшісі. Алматы мемлекеттік көркем-театр институтының актерлік факультетін (қазіргі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) бітірген (1982), драмалық театрдың актері. 1982-1992 жылдары - Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері. 1992- 2006 жылдары - Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актері. 2016 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
Ойнаған рольдері «Абай» (Абай), «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» (Қодар) «Томирис» (Мард), «Айман - Шолпан» (Арыстан), «Тойдан қайтқан қазақтар» (Қошқарбай), «Геростратты ұмыту» (Тиссаферн), «Қамар сұлу» (Оспан) спектакльдерінде ойнаған. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген: «Ақын арманы» (Торайғыров), «Шәкәрімнің соңғы күні» (Қарасартов), «Заманай» (Есет), «Асауға тұсау» (Петручио), «Құланның ажалы» (Иемберген) кинофильмдерінде, «Шегіртке» (Дастанов) телесериалында, т.б. рөлдер орындаған.
Қоғамдық қызметі Театр қайраткерлері одағының мүшесі.
Марапаттары 2001 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді. 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі 2009 жылы «Құрмет» Ордені 2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі
Отбасы Үйленген. Жұбайы - Базарлинова Айгүл (1972 жылы туған). Қыздары - Әбділманова Жамал (1983 жылы туған), Әбділманова Ақмарал (1984 жылы туған), Болатқызы Ақерке (2004 жылы туған); ұлдары - Болатұлы Иманғали (2000 жылы туған), Болатұлы Ақнұр (2002 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:12 қарашада туғандар Санат:Қазақстан театр актерлері Санат:Қазақстан театр және кино қайраткерлері Санат:Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тұлғалары Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері Санат:Қазақфильм тұлғалары Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері