Ғалия Ысмайылқызы Бөрібаева 1950 жылы 17 қаңтарда Жамбыл қаласында туған. Кеңес және қазақ балет әртісі, балетмейстер, хореограф, балет педагогы. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер (2009).Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, Ш. де Голль.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Өмірбаяны Ғалия Ысмайлқызы Бөрібаева 1950 жылы 17 қаңтарда Жамбыл қаласында туған. Әкесі – Бөрібаев Ысмайыл, анасы – Күлбаева Роза. А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің (1970) балет әртісі мамандығы бойынша бітірген Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтының хореография факультетін бітірген (1975), «хореограф». Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сценография факультетін бітірген (2004), қоюшы суретші мамандығы бойынша бітірген. Ла Скала театрынан педагог-балетмейстер ретінде тәжірибеден өтті (2007). Қазақ, орыс және ағылшын тілідерін біледі. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикасы тұрақты, дамыған демократиялық қоғам. Қазақстандағы жоғары тіршілік деңгейі».
Жеке өмірі Тұрмыс құрған. Жолдасы – Нұрқалиев Тұрсынбек Әбдібайұлы (1951 ж.т.), «Astana Opera» Мемлекеттік опера және балет театрының балет труппасының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор. Қызы — Нұрқалиева Жамилә Тұрсынбекқызы (1978 ж.т.).
Мансабы 1970-1992 жж. – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет солисті (Алматы). 1998-2002 жж. — М.О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының балетмейстрі. 2002 жыл — К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының бас балетмейстері. 2005 жыл — Қарағанды музыкалық комедия театрының бас балетмейстері. 2008-2010 жылдары — Астананың балет компаниясының бас балетмейстері. 2008-2013 жылдары — К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының балеттік труппа меңгерушісі. 2010 жылдан — Рим ұлттық би академиясының классикалық биден шақыртылған оқытушысы. 2013 жылы — «Astana Opera» Мемлекеттік опера және балет театрының балетмейстері
Шығармашылығы Т. Нұрқалиевпен бірлесіп балеттік қойылымдар ұйымдастырған: Б. Асафьев «Бахчисарайский фонтан», П. Чайковский «Лебединое озеро» және «Щелкунчик», Минкус «Баядерка». Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсындағы би, А. Жұбановтың, Л. Хамидидің «Абай», сонымен қатар үкіметтік концерттерге және балет әртістерінің халықаралық байқауларының бірқатар нөмерлерінде би қойылымдарын қойған: К. Күмісбеков «Биші қайың», Н. Тлендиев «Аққу», Д. Шостакович «Жол», Г. Форе «Павана», Д. Лигети «көңіл-күй қорқынышы», А. Хегерти «Бір тарих» және т.б. Оқытушы-тәлімгер ретінде Ғалия Бөрібаева халықаралық байқаулардың лауреаттарын, қазақстандық балеттің жұлдыздарын, оның ішінде Мадина Басбаева, Әйгерім Бекетаева, Балқия Жанбурчинова және т.б. тәрбиелеген.
Мемлекеттік сыйлықтары 2009 — «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» (қазақ хореографиялық өнерінің дамуына үлкен үлес қосқаны үшін) атағы берілді (15.12.2009). «Қазақстанның Еңбек Сіңірген Қайраткері» құрметті атағы Бөрібаева Галия Исмаилқызына, К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының хореографына берілді, Астана қ. 2017 — «Еңбек ардагері» медалі (Қазақстан)
Дереккөздер
Санат:1950 жылы туғандар Санат:Таразда туғандар Санат:Балет әртістері Санат:Хореографтар Санат:КСРО балет әртістері Санат:Қазақстан балет әртістері Санат:Балетмейстерлер Санат:Қазақстан балетмейстерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері