Тоқалсай – Байқоңыр алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады.

Бастауы Дүйсенбек тауының (Оңтүстік Ұлытау) беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіліп, Ащылы ауылы тұсында Ащылы өзеніне сол жағынан құяды. Ұзындығы 28 км.

Гидрологиясы Жағасы біршама биік, ирелең. Көктемгі еріген қар суы және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында жекеленген қарасуларға бөлініп кетеді. Өзен алабында шабындық жерлер, қыстаулар бар, ауыз суға, мал суаруға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы