Электрлік зоңдылау. Жер бетіндегі зондылау нүктесіне тиесілі электрмагниттік өріс элементтерін сол өрістің бірте-бірте тереңдеу жағдайында өлшеу арқылы геоэлектрлік қиманы тік бағытта саралау мүмкіндігін қамтамасыз ететін электрбарлау әдісі. Электрлік зоңдылау әдістері екі класқа жіктеледі, олар - қалыпты тоқты немесе төменжиілі өзгермелі тоқты пайдаланып жүргізілетін геометриялық Электрлік зоңдылау әдістері (тік бағытта электрлік зондылау және қос өрісті электрлік зондылау) және индукциялық зондылау әдістері. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ