Жаңаталап (2015 жылға дейін - Молодецкое)Қарағанды облысындағы облыстық маңызы бар қалалардың бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және кейбір ауылдық елді мекендерді қайта атау туралы — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Ботақара кентінен оңтүстік-батысқа қарай 85 км-дей жерде.
Тарихы Іргесі 1908 жылы қаланған. Округ аймағында 1930 жылдары Арықтыкөл ұжымшары ұйымдастырылған. 1950-1984 жылдары С. М. Киров атындағы кеңшардың 3-бөлімшесі болып құрылды. 1984 жылы осы бөлімше негізінде «Жаңаталап» кеңшары ұйымдастырылды. Жерінің жалпы ауданы - 5,2 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — сүт өндіру, көкөніс, картоп өсіру болды. 16 шаруа қожалығы құрылған (2006).
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1184 1140 920 80,7 598 477 79,8 542 443 81,7
Инфрақұрылымы Округтің елді мекендерінде фельдшер-акушерлік пункт, кітапхана, 1 мектеп бар. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Бұқар жырау ауданы елді мекендері