Доңғалақ тоғыны- шинаны орналастыратын дөңгелек бөлігі. Маховик тоғыны - ІЖҚ иінді білігіне айналу берілісін стартердан тасымалдау үшін маховикке құрсау ретінде бекітілген тісті дөңгелек. Тұтас құрсаулы тоғын - құрсау ернеуі арқылы созу кезінде шинаның ернеуін созып дөңгелекке отырғызу үшін тұтастай жасалған тетік; шинаны орнату ыңғайлы болу үшін дөңгелектің орта шенінде терең ойықтар жасалған; велосипед, мотоцикл, жеңіл автомобильдердің доңғалақтарында қолданылады. Жалпақ тоғын - бір ернеулік сақинасымен біртұтас етіп жасалған және шешілмелі кесілмеген немесе кесілген басқа ернеуінің сақинасы бар, шинаны құрастырып жинауға арналған цилиндрлі бетті бұзылмалы тоғын. Бұзылмалы тоғын - шинаны жинау және бөлектеу жұмыстарын жеңілдету үшін жеке-жеке етіп жасалынған дөңгелек құрсауы; жүк машиналары мен автобустардың дөңгелектерінде қолданылады. Рөл дөңгелегінің тоғыны - рөл білігіне отырғызылған шабақ арқылы түбекпен жалғасқан тор түріндегі автомобиль рөлі дөңгелегінің бөлігі. Алмалы-салмалы тоғын - ернеу сақинасымен бірге шабақты доңғалактің орталықтандыру бетіне бекітілген құрсау. «Трилекс» тоғыны- көлденең жазықтықта ажырамалы делегейсіз құрсау; үш бірдей секторлардан тұрады.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

Санат:Транспорт