Стратегиялық тауарлар (ескіше) - шығаруға тыйым салынған немесе шек қойылған тауарлар. Олар екі тізімге енгізілген. Біріншісінде (позитивтік) Шығыс Еуропа елдеріне шығаруға сөзсіз тыйым салынған тауарлар; екінші тізімде аса маңызды мәні бар, сыртқа ерекше рұқсатпен ғана шығарылатын тауарлар. Олардың қатарына өнеркәсіптік жабдықтардың, болат прокатының, құбырлардың негізгі түрлері, ферроқорытпалардың бірқатары, никель, мысалы жасанды каучук, одан жасалған бұйымдар және т.б., яғни әлдеқашан халықаралық сауданың өзегіне айналып кеткен тауарлар жатады.Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9

Дереккөздер

Санат:Экономика Санат:Банк терминдері