thumb|Бірмұхамед Айбасов көшесі Көшеге қоғам қайраткері, ұлтжанды азамат, сталиндік репрессия құрбаны Бірмұхамед Айбасовтың есімі (Алматы қаласы әкімінің 30.03.1999 № 301 шешімі) берілген. Айбасов Бірмұхамед (1892-1937) Ақмола облысында дүниеге келген. 1920 жылдары Ақмола облысының жер басқармасын басқарған. Айбасов көшесі Ақан сері көшесінен басталып, Жұмабаев және Дулатов көшелеріне дейін созылып жатыр. Довженко, Кассина, Сейфуллин даңғылын, Бехтерев көшелерін

-қиып өтеді.

Көше Түрксіб ауданында орналасқан. Көшенін бұрынғы атауы - Липецкая көшесі. Көшенің ұзындығы - 950 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0

Дереккөздер

Санат:Алматы көшелері