Көшеге қазақ тарихындағы аса бір күрделі «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» кезеңіндегі бетбұрыс жасалған киелі аймақтық Абылай ханның басшылығымен қазақ сарбаздарының 1730 жылы жоңғар әскерлеріне күйрете соққы берген жері - Аңырақайдың атауы (Алматы қаласы мәслихатының 4.04.2001 № 200 шешімі мен Алматы қаласы әкімінің 9.04.2001 № 200 қаулысы) берілген.

Көше Медеу ауданындағы «Думан-1» шағынауданында орналасқан. Ол Келес көшесінен басталып, Жиренше көшесіне дейін созылып жатыр. Ақмешіт, Ақжайық, Бішкек, Қызылжар көшелерімен қиылысады. Бұрынғы атауы - 9-шы линия көшесі. Көшенің ұзындығы - 1500 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0

Дереккөздер

Санат:Алматы көшелері