Көшеге қазақтың көрнекті ғалымы, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Жақан Уәлишерұлы Ахановтың есімі (Алматы қаласы мәслихаттың 02.08.2008 №129 шешімі мен Алматы қаласы әкімдігінің 14.08.2008 № 3/558 қаулысы) берілген. Жақан Уәлишерұлы Аханов - Қазақстанның топырақтану қоғамының президенті. ҚР Ұлттық ғылым академиясының топырақтану институтының директоры қызметін атқарған. Мелиоративті топырақтану ғылымының сапалары бойынша 9 монография және 250 ғылыми еңбек жазған.
Көше Наурызбай ауданында орналасқан. Көшенің ұзындығы - 470 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері